Путин мен Назарбаев Мәскеуде бас қосты

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Мәскеуге барды.

1266132
Путин мен Назарбаев Мәскеуде бас қосты

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ресейдің бас қаласы Мәскеуге барды.

Мәскеу қаласының 872 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімге құрметті қонақ ретінде шақырылған Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосты.

Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастар қолға алынды. Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының үлгілі екенін атап айтты. Өзінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты осы деңгейге жеткізу үшін үлкен күш жұмсағанын түсіндірді. Путин болса екі ел арасындағы қарым-қатынастардың мәдени және әскери салаларда ең биік сатыға ұласқанын мәлімдеді.

Екі басшы кейін Қазақстан ұлттық көрме алаңын бірге аралады. Артынан Мәскеудің мерейтойына орай ұйымдастырылған рәсімге қатысты.



Ұқсас жаңалықтар