Шамахы - түркі әлемінің Туризм астанасы

Шамахыда туризмге жауапты ТМҰ министрлерінің 7-ші отырысы өтті.

1832282
Шамахы - түркі әлемінің Туризм астанасы

Әзербайжанның Шамахы қаласы Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан түркі әлемінің 2023 жылғы Туризм астанасы ретінде сайланды.

Шамахыда туризмге жауапты ТМҰ министрлерінің 7-ші отырысы өтті.

Әзербайжан Мемлекеттік туризм агенттігінің президенті Фуад Нагиев және ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Әміреев модераторлық еткен жиынға Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпаслан, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, туризмге жауапты сарапшылар және Әзербайжандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Кездесуде ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің ірі қалалары арасындағы рейстер санын арттыру, туризм бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу, қысқы және гольф туризміндегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу сияқты мәселелер талқыланды.

Ұйымға мүше елдердің туристік агенттіктері арасында қарым-қатынас орнату мәселесі де күн тәртібіне қойылған отырыста Әзербайжанның Шамахы қаласын 2023 жылғы Түркі әлемінің Туризм астанасы етіп таңдауға шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар