Шетелдердегі қазақтарға арнайы куәлік беріледі

Бұл туралы «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов айтты.

1302014
Шетелдердегі қазақтарға арнайы куәлік беріледі

Шетелдердегі қазақтарға арнайы куәлік беріледі.

Жаңа құжат Қазақстанда көптеген құқықты ел азаматтарымен тең дәрежеде пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл туралы «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов айтты.  Оның айтуынша, Қазақстанда әлемдегі қазақ диаспораларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Этникалық қазақтарға арнайы куәліктер шығарылады.

«Диаспораларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалуда. 2020 жылдың көктеміне қарай біз оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік бағдарлама ел басшылығы деңгейінде таныстырылады», — деді Талғат Адуов.



Ұқсас жаңалықтар