"Шуша декларациясы тарихи бір декларация"

Әзeрбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеме жасады.

1661498
"Шуша декларациясы тарихи бір декларация"

Әзeрбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Түркия мен елі арасында қол қойылған Шуша декларациясының тарихи бір декларация екенін айтты.

Анталия Дипломатиялық Форумына (АДФ) орай Анадолу агенттігіне берген сұхбатында Президент Режеп Тайып Ердоғанның 15 маусым күні Әзербайжанға ұйымдастырған ресми сапарын «тарихи» деп бағалап «Президент (Ердоған) Әзербайжанға жиі келеді. Бірақ алғаш рет бір әлем басшысы азат етілген жерлерді, түрік әлемінде ерекше орны бар Шуша қаласына барды. Сол жерде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен екі ел арасында одақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл тарихи бір декларация. Көптеген жылдар бойы айтылатын бір декларация» деді.

Декларацияның Әзербайжан мен Түркияны ғана емес, сонымен қатар аймақ елдеріне де жағымды әсер ететінін атап көрсеткен, «(Шуша декларациясы) аймағымызда бейбітшілік пен өркендеуге қызмет етеді» деді.

Таулы Қарабахта ауқымды қайта құру жұмыстары бастағандарын түсіндірген Байрамов Түркияның Таулы Қарабахты қайта қалпына келтіруде маңызды рөл ойнағанын тілге тиек етті.

Байрамов Таулы Қарабахта атысты тоқтатудың бақылауға алынуы аясында құрылған Түрік-Орыс Ортақ Бақылау орталығының қызметін мақтан тұтқындарын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар