Шушаның Мәдениет астанасы болуын ұсынды

Бағдат Әміреев Шуша қаласының 2022 жылдың Түрік Әлемі мәдениет астанасы болуын ұсынды.

1567388
Шушаның Мәдениет астанасы болуын ұсынды

Түрік Кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев армян оккупациясынан құтқарылған Шуша қаласының 2022 жылдың Түрік Әлемі мәдениет астанасы болуын ұсынды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түрік кеңесі бас хатшысы Бағдат Әміреев, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Халықаралық Түрік мәдениет және мұра фондының төрайымы Гүнай Эфендиевамен бас қосты.

Видео конференция әдісімен өткен жиналыста сөй сөйлеген президент Әлиев Шуша қаласын елдің «мәдениет астанасы» деп жариялағандарын білдіріп, қала қайтадан құрылғаннан кейін табиғаты, географиялық орнығ тарихи ескерткіштерімен тек Әзербайжанның ғана емес,  аймақтың мәдениет астанасы бола алатын әлеуеті бар екенін білдірді.

Түрік Кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев те жыл сайын бір қаланы Түрік Әлемі мәдениет астанасы деп жариялағандарын еске салып: «2022 жылы Шушаның «Мәдениет астанасы» деп жариялануын және қалада түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуын ұсынамыз. Рұқсат берсеңіз, біз жұмыстарды бастайық. 2022 жылы Шушада 20 түрлі мәдени шара өткізелік. Ол кезге дейін Шуша қайта құрылып,  көркем күйіне енеді деп сенеміз. Біз әрқашан сіздің жаныңыздамыз» деді.

Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахтағы Шуша қаласын 2020 жылдың 8 қараша күні азат еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар