СКТР-ның құрылуының 35 жылдығы тойлануда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 35-ші құрылу жылдығы рәсімдермен тойлануда.

1088525
СКТР-ның құрылуының 35 жылдығы тойлануда

СКТР-ның 1983 жылы 15 қараша күні құрылуы Кипр Түрік халқының аралдағы саяси өмірін мемлекеттік құрылымға көшірген, бүкіл әлемге паш еткен маңызды бір кезең болды.

СКТР елбасы Мұстафа Акынджы мен жұбайы Мерал Акынджы рәсімдер аясында президенттік сарай құттықтауларды қабылдады.

Қабылдауға Түркия вице-президенті Фуат Октай, СКТР Мәжіліс төрағасы Теберрүкен Улучай, премьер-министр Туфан Эрхүрман, Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Джевдет Йылмаз, партия төраға орынбасары Бүлент Тұран, Ұлтшыл қозғалыс партиясы депутаты Джелал Адан, Түркияның Лефкоша өкілетті елшісі Али Мурат Башчери, министрлер, депутаттар, қоғам өкілдері және азаматтар қатысты.

СКТР-ның 35-ші құрылу жылдығына орай Гирне, Искеле, Газимағуса, Гүзелйурт және Лефкеде де рәсімдер ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар