СКТР премьер-министрі Түркияда

Татар Түркияға бірінші сапарында Анкарада Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

1257229
СКТР премьер-министрі Түркияда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Ерсин Татар СКТР президенті Мұстафа Акынджы, Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш арасында жоспарланған үштік жиналыстың «ойын» болуы мүмкін екенін айтты.

Татар міндетке келуінен кейін Түркияға бірінші сапарында Анкарада Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

Татар түрік кемелерінің СКТР да лицензиялаған аймақтарда бұрғы жұмыстарын жүргізгеніне назар аударып,  Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Шығыс Жерорта теңізінде Түркиямен бірге қозғалатынын айтты.  Түркияның кепілгер ел ретінде бір жақты араға килігу құқығының 1960 жылғы келісімнің ең маңызды ерекшелігі екенін екенін атап көрсетті.  

СКТР президенті Акынджы, понти басшысы Анастасиадис және БҰҰ бас хатшысына бас қостыруды көздейтін үштік жиналыстың бір «ойын» болуы мүмкін екенін айтқан Татар: «Қазір жоспарланған ойын немесе үрдіс – Түркияның кепілгерлік құқығының «модасы бітті» деп қолынан тартып алу және бізді Еуропа Одағы механизмдеріне қаратып қою. Кипр түріктері мұны қабылдамауы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар