СКТР вице-премьері Понти әкімшілігіне наразылық көрсетті

Өзерсай елінің 36 жылдығында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы байрағын өртеген понтилерге наразылық білдірді.

1308058
СКТР вице-премьері Понти әкімшілігіне наразылық көрсетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) вице-премьері және Сыртқы істер министрі Кудрет Өзерсай СКТР-ның 36-шы құрылу жылдығында Кипр Понти әкімшілігі мен саяси партияларына наразылық көрсетті.

Өзерсай жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Кипр понти саяси партиялары мен понти басшыларының үнсіздігі назар аударарлықтай» деді.

СКТР байрағын өртелуіне үнсіз қалудың оқиғаны қолдау беру деген мағынаға келгенін атап көрсеткен Өзерсай «Негізгі қауіп Кипр түріктерін нысанаға алған осындай әрекеттерге үнсіз қарау. Әсіресе құрметті Никос Анастасиадис бұл оқиғаларды айыптайтын, дұрыс еместігін түсіндірген бір мәлімдеме жасамайынша және қақтығыстарды ынталандыратын мұндай ұстанымдар қарсы шара қолданбайынша Кипрда сенімсіздік күрделенетін болады. Үнсіз қалу жақсылық әкелмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар