Сребреница құрбандары Мостар қаласында еске алынды

Сребреница қырғынының құрбандары үшін елдің оңтүстігіндегі Мостар қаласында еске алу шеруі ұйымдастырылды.

1267812
Сребреница құрбандары Мостар қаласында еске алынды

Босния және Герцеговинадағы соғыста кемінде 8 мың 372 бошнак халқы қылғындалған Сребреница қырғынының құрбандары үшін елдің оңтүстігіндегі Мостар қаласында еске алу шеруі ұйымдастырылды.

Әр айдың 11-ші күні Тузла қаласында өткізілетін еске алу шеруі биыл тұңғыш рет басқа бір қалада ұйымдастырылды.

Қырғында ұлдары мен күйеулерінен айырылған аналар мен Соғыс және Қырғын құрбандары мұражайы тарапынан ұйымдастырылған шеруге құрбандардың жақындарымен бірге мостарлықтар да қатысты.

Қырғын құрбандарының аты кестеленген жастықтарды және 24 жыл өткеніне қарамай әлі де табылмаған құрбандардың суреттерін көтерген кісілер қырғынның әсте естен шығарылмауы керектігі үндеуін тастады.

Еске алу шеруінен кейін тарихи Мостар көпірінен симбол ретінде үнсіз аттау шарасы өткізілді. 



Ұқсас жаңалықтар