Стамбулда  Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтеді

Бұл жөнінде Қазақстанның Түркиядағы елшілігіне хабарлады.

1303036
Стамбулда  Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтеді

10 қараша күні Түркияның Стамбул қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтеді.

Бұл жөнінде Қазақстанның Түркиядағы елшілігіне хабарлады.

 Аталған форумның басты мақсаты - Қазақстан мен Түркия іскер топтары арасындағы байланысты нығайтуды көздейтін алаң құрып, екі мемлекет арасындағы сауда жəне инвестиция салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау. Форумға Қазақстан мен Түркияның ұлттық компанияларының, даму қорларының, сауда палаталарының басшыларының, мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғалары мен бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде. Бүгінгі таңда іс-шараға ниет білдірген 700-ден астам түрік жəне 150 қазақстандық кəсіпкер тіркелген.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қазақстан-Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы шеңберіндегі Түркияға сапары аясында ұйымдастырылады. Түрік тарапынан Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы - Түркия Республикасының вице-президенті Ф.Октай.

Форум барысында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, энергетика, машина жасау, химия, тау-кен металлургия жəне тоқыма өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым жəне қаржы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланады.

Жоспарланып отырған іс-шара іскерлік қарым-қатынас пен тікелей байланыс орнату контексінде тиімді платформа ретінде екіжақты сауда-экономикалық қатынасты дамытуға, Қазақстан мен Түркия экономикасына шетелдік инвестиция тартуға ықпал етеді.



Ұқсас жаңалықтар