Сұлтан Раев пен Сандор Лезсак Бішкекте спектакль тамашалады

Олар Насира Мамбетова басты рольді сомдаған спектакльде өнер қайраткерлерін құттықтады.

1848575
Сұлтан Раев пен  Сандор Лезсак Бішкекте спектакль тамашалады

ТүрікПа-ның XI Жалпы кеңес жиналысына қатысу мақсатымен Қырғызстанға барған Түріксой бас хатшысы Сұлтан Раев пен Венгрия Ұлттық мәжілісінің басшысының орынбасары Сандор Лезсак Бішкекте театр спекталін тамашалады.

Қырғыз халық жазушысы, бүгінге дейін көптеген шығармасы сахнаға қойылған Сұлтан Раев пен венгр әдебиетінің маңызды тұлғаларының бірі Лезсак Қырғыз Республикасының Халық әртісі Насира Мамбетова басты рольді сомдаған спектакльде өнер қайраткерлерін құттықтады.

Спектакльдің шығармашылық стилі мен мазмұнын қатты ұнатқанын білдірген Лезсак түрік әлемі мен Венгрия арасындағы мәдени қатынастың одан әрі дамуына тілектестік білдірді.  Сұлтан Раев болса «Түріксой құрамында жүзеге асырылатын жобалар арқылы елдеріміз және халықтарымыз арасында мәдени және өнер байланыстарын жасампаз қылуға тырысамыз. Жаңа ынтымақтастықтарға да ашықпыз» деді.

Венгрия мәжілісінің басшысының орынбасары айырықша «Супара» атты қырғыз этникалық және мәдени мұра кешеніне барды. Ол қырғыз халқының қол өнерімен танысты.



Ұқсас жаңалықтар