Су тасқынында 2 адам қаза тапты

Қазақстанда эвакуацияланған адам саны 72 мың 29-ға жетті.

2125890
Су тасқынында 2 адам қаза тапты
Kazakistan_sel_kazakça_KZ

Қазақстанда су тасқынынан 2 адам қаза тапты.

Қазақстанда нөсер жаңбыр мен қардың еруі салдарынан болған су тасқынынан 2 адам қаза болса, эвакуацияланған адам саны 72 мың 29-ға жетті.

Қазақстанда толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суы салдарынан болған су тасқынына байланысты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімдемеде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 16 мың 78-і балалар, барлығы 72 мың 29 адамның эвакуацияланғаны хабарланды. Мәлімдемеде 14 мың 368 адамның, оның ішінде 7 мың 255 баланың уақытша баспанаға орналастырылғаны, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 7 тікұшақ, 1300 көлік және 12 мың 455 адаммен іздеу-құтқару жұмыстарының жүргізілгені айтылды.

Екінші жағынан қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында барлығы 3686 үй мен 1822 саяжайды су басқандығы тіркелді. Министрлік жасаған тағы бір мәлімдемеде Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан үйлерін тексеруге бара жатқан тракторы аударылып, 2 адамның қаза тапқаны айтылған. Қазақстан билігі жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды және уақытша баспаналардан рұқсатсыз шықпауды ескертті.



Ұқсас жаңалықтар