Teknofest Әзербайжан басталды

Фестиваль аясында 29 мамыр күніне дейін түрлі қойылымдар,  технология байқаулары жүзеге асырылады.

1833159
Teknofest Әзербайжан басталды
teknofest azerbaycan.jpg
teknofest azerbaycan.jpg
teknofest azerbaycan.jpg

Дүние жүзіндегі ең ірі авиация, ғарыш және технология фестивалі Teknofest Әзербайжанда басталды.

Түркия Технология командасы фонды, Әзербайжан Цифрлық даму және транспорт министрлігі, ТР Өнеркәсіп және технология министрлігінің басқаруымен елдің маңызды органдары және компанияларының қолдауымен Бакудегі Ұлттық саябақта Teknofest Әзербайжан басталды.

Фестивальдің беташарына ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Әзербайдан Цифрлық даму және транспорт министрі Решат Небиев, ТР президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир, TEKNOFEST Атқару комитеті төрағасы Селчук Байрактар қатысты.

Фестиваль аясында 29 мамыр күніне дейін түрлі қойылымдар,  технология байқаулары жүзеге асырылады.

Сондай-ақ «Akıncı» шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараты, қарулы ұшқышсыз әуе аппараты «Bayraktar TB2», Әзербайжан Әуе күштері, Түрік Қарулы күштеріне қарасты «Түрік жұлдыздары» және «Solo Türk» акробаттық топтары Баку аспанында өнер көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар