ТИКА Бішкекте ауызашар берді

Мешіттің ашық аспан астындағы асханасында үш алып қазанда ноқат, қара жүзім, ет қосылған күріш әзірленді.

2125970
ТИКА Бішкекте ауызашар берді
tika kirgizistan iftar.jpg
tika kirgizistan iftar.jpg
tika kirgizistan iftar.jpg

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Қырғызстанның астанасы Бішкекте 2500 адамға ауызашар берді.

Орталық Имам Серахси мешітінің ауласында ерлер мен әйелдерге бөлек дастархан дайындалды.

Мешіттің ашық аспан астындағы асханасында үш алып қазанда ноқат, қара жүзім, ет қосылған күріш әзірленді.

Ауызашарға  жиналғандарға ет қосылған күріш, салат, нан, алма, шоколад, мандарин, печенье, құрма, жеміс шырыны мен су ұсынылды.

Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Садык Доған, ТИКА Орталық Азия және Кавказ департаментінің басшысы Али Өзгүн Өзтүрк және ТИКА Бішкек бағдарламасының координаторы Мехмет Бодур жиналғандарды Рамазан айымен құттықтады.

Ауызашарға  Шуй өңірінде тұратын месхет түріктері де қатысты.

Қырғызстанда Ораза айт 10 сәуірде тойланады.



Ұқсас жаңалықтар