Тоқаев Түркияға келді

Ердоған-Тоқаев кездесуінде екіжақты қарым-қатынастар жан-жақты бағаланады.

1824363
Тоқаев Түркияға келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік ресми сапармен Түркияға келді.

Президент Режеп Тайып Ердоған әріптесін Президенттік кешенінде ресми рәсіммен қарсы алады.

Ердоған-Тоқаев кездесуінде екіжақты қарым-қатынастар жан-жақты бағаланады.

Кездесудің негізгі тақырыбы экономика болады. Екі ел арасындағы 10 миллиард долларлық сауда көлеміне жету үшін жасалатын қадамдар бағаланып, туризм, энергетика, денсаулық сақтау және қорғаныс өнеркәсібі сияқты ынтымақтастық салаларына баса назар аударылады.

Екі лидер аймақтық оқиғалар тақырыбы мен Түрік Мемлекеттері Ұйымы аясында атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы кезеңде ұстанатын жол картасына тоқталады.

Кездесуде 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей мен Украина соғысы да басты  тақырыптардың бірі болмақ.



Ұқсас жаңалықтар