Түрік дәрігерлер Түркістанда ота жасады

Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Мухиттин Шимшек Түркістандағы баспасөз өкілдерімен бас қосты.

1660198
Түрік дәрігерлер Түркістанда ота жасады

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Проф. Мухиттин Шимшек Түркістандағы баспасөз өкілдерімен бас қосты.

Шимшек университеттің оқу-ағару, ғылыми шаралар және елдің мәселелеріне шешім табу секілді үш маңызды қызметі бар екенін айтты.  Ол «Жауапкершілігіміздегі миссия - Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің әлем көлемінде танымалдығын арттырып,  беделді жағдайға келтіру» деді.

Шимшек университеттің медицина саласындағы жұмыстарының бірі «Ана мекеннен атажұртқа денсаулық көпірі» атты жоба аясында жүргізілген істер туралы да мәлімет берді. Осы жоба аясында түрік дәрігерлердің 42 ауыр ота жүргізгенін, ондаған науқасты емдеп, тексеруден өткізгенін айтты.

Университеттің Өкілетті кеңес төрағасы осындай жобалардың басқа салаларда да басталатынын білдірді.

Ол университетте Түркістан облыстық әкімдігімен бірге Агрономия факультетінің құрылатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар