Түрік кеңесі Бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

Әміреев Түркияның жаңа коронавируспен күресу мақсатымен Кеңеске мүше елдерге жіберген гуманитарлық жәрдемдері жайлы мәлімдеме жасады.

1454664
Түрік кеңесі Бас хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі (Түрік кеңесі) Бас хатшысы Бағдат Әміреев Түркияның жаңа коронавирус індетімен күресуде бауырлас түрік елдерінің қасында екенін және әлемнің әрбір  қиыншылығы бар елге жәрдем бергенін білдірді. 

Әміреев Түркияның жаңа коронавируспен күресу мақсатымен Кеңеске мүше елдерге жіберген гуманитарлық жәрдемдері жайлы мәлімдеме жасады. 

Бас хатшы Бағдат Әміреев  Түрік кеңесіне мүше және бақылаушы елдер арасындағы ынтымақтастық пен селбесудің барша әлемге үлгі болғанын айтты. Әміреев індеттің болымсыз ықпалдарын азайту және індетке шалдыққан азаматтардың емделуі үшін қажетті медициналық жабдықтардың жеткізілуіне көмек беру мақсатымен Түркияның Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгрия секілді Түрік кеңесіне мүше және бақылаушы елдерге гуманитарлық жәрдем бергенін білдірді. 

Кеңеске мүше елдерге жасаған көмектер үшін Түркияға алғыс айтқан Әміреев Түркияның жаңа коронавирус індетіне қарсы күресті табыспен жүргізгенін және сонымен қатар бауырлас түрік елдеріне, сондай-ақ әлемнің әр жерінде қиыншылығы бар елдерге жәрдем бергенін атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар