Түрік Кеңесі де байрақтарды жартылай төмендетті

Қазақстанның Covid-19 себебімен қайтыс болғандар үшін Жалпыұлттық аза тұту күні жариялауына Түрік Кеңесі қолдау білдірді.

1454247
Түрік Кеңесі де байрақтарды жартылай төмендетті

Коронавирустан қайтыс болғандар үшін Түркітілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің бас хатшылық ғимаратында байрақтар жартылай төменге түсірілді.

Қазақстанның Covid-19 себебімен қайтыс болғандар үшін Жалпыұлттық аза тұту күні жариялауына Түрік Кеңесі қолдау білдірді.

Кеңестің Стамбулдағы бас хатшылық ғимаратында мүше елдердің және Кеңестің байрақтары жартылай төмен түсірілді. Кеңес хатшылығы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13 шілде күні ұлттық аза тұту күні ретінде жариялағанын еске салды.

Түрік кеңесі қайтыс болғандар үшін қазақ халқы мен еліне көңіл айтып,  науқастарға шипа тіледі.



Ұқсас жаңалықтар