Түрік Кеңесі Сovid-19 эпидемиясы күн тәртібімен жиналды

Түрік Кеңесіне мүше елдер Сovid-19 эпидемиясымен күрес аясында ынтымақтастықты күшейту мақсатты бас қосты.

1451648
Түрік Кеңесі Сovid-19 эпидемиясы күн тәртібімен жиналды

Түрік Кеңесіне мүше елдер жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күрес аясында ынтымақтастықты арттыру мақсатты іске кірісті.

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінен (Түрік кеңесі) жасалған мәлімдемеге қарағанда, Түрік Кеңесіне мүше және бақылаушы елдердің жоғары лауазымдылары мен ғалымдарына қоса, Денсаулық сақтау министрліктерінің ғылыми кеңестері видео конференция арқылы жиналды. Түрік Кеңесі Денсаулық сақтау ғылыми кеңес жиналысында жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған нақты қадамдар қолға алынды.

Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің жетекшілігімен болып өткен жиналыста Кеңеске мүше елдер арасында тұрақты ақпараттық база мен эпидемиялық бақылау жүйелерін құру үшін компьютерлік бағдарлама жетілдіру тақырыбында келісті.

Жиналыста сондай-ақ Түркияның келесі айдың екінші жартысында мүше елдердің денсаулық сақтау қызметкерлеріне коронавируспен күрес саласында Измир-Урлада семинар ұйымдастыруы және әртүрлі мамандық салаларында онлайн семинарлар өткізу тақырыбында да шешім қабылданды. Денсаулық сақтау министрі орынбасары Эмине Алп Меше де Түркияда Сovid-19 эпидемиясымен күресте іске қосылған денсаулық сақтау хаттамасы қолданылған дәрілер мен басқа да салаларда егжей-тегжейлі бір презентация жасаған жиналыстың сұрақ-жауап бөлімінде болса Түркия делегациясы басқа мүше елдер тарапынан коронавируспен күреске қатысты қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар