Түрік әскері Нахчыванда

Бірлескен әскери оқу-жаттығуларға қатысатын түрік сарбаздарының бір бөлігі барып жетті.

1462976
Түрік әскері Нахчыванда

Түркия мен Әзербайжанның Нахчывандағы ауқымды бірлескен әскери оқу-жаттығуларға қатысатын түрік сарбаздарының бір бөлігі барып жетті.

Нахчыван Автономиялық Республикасының Седерек шекара қақпасындағы Араз өзеніндегі Үмит көпірінде түрік сарбаздары салтанатты түрде қарсы алынды.

Рәсімде екі елдің әнұрандары шырқалды,  тулары алмастырылды.  Рәсімнен кейін сарбаздар Нахчывандағы әскери бөлімдерге орналастырылды.

1-5 тамыз аралығында Әзербайжанның астанасы Бакуде және Нахчыванда болатын жаттығуда әртүрлі дайындықтар жүргізіледі, бронды машиналардан, зеңбіректерден және минометтерден жаудың нысаналарына қарсы оқ атылады.



Ұқсас жаңалықтар