Түрік әскери ұшақтары Әзербайжанға барып жетті

Жаттығуға қатысатын әскерлер үшін айт мерекесі өткізілді.

1465243
Түрік әскери ұшақтары Әзербайжанға барып жетті
Turkiye-Azerbaycan tatbikat bayramlasma.jpg
Turkiye-Azerbaycan tatbikat bayramlasma1.jpg
Turkiye-Azerbaycan tatbikat bayramlasma2.jpg

Түркия мен Әзербайжан әуе және құрлық күштері бастаған ауқымды әскери жаттығуда орын алатын түрік F-16 ұшақтары Әзербайжанға жетті.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда, жаттығудың әуе күштері орын алатын TurAz Бүркіті 2020-ға қатысатын әскери ұшақтар салтанатты түрде қарсы алынды.

Салтанатты жиында екі елдің ұлттық ән ұрандары шырқалды.  

Осы арада жаттығуға қатысатын әскерлер үшін айт мерекелік бағдарламасы дайындалды.

Шарада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Қорғаныс министрі Закир Хасановтың құттықтаулары оқылды. Құрбан шалынып, дұға оқылды, қатысушылар әлеуметтік қашықтықты сақтап айттады.

TurAz Бүркіті жаттығуы Баку, Нахчыван,  Гендже, Күрдемир және Евлахта өтеді. Бұл жаттығу 10 тамыз күніне дейін жалғасады. Құрлық күштерінің жаттығуы болса Баку және Нахчыванда 5 тамызға дейін болады.



Ұқсас жаңалықтар