Түрік және қазақ іскерлер Одағы жаңа басшысын сайлады

TÜKİB-тің жаңа Атқару кеңесі төрағасы Джем Джиритчи болды.

1568427
Түрік және қазақ іскерлер Одағы жаңа басшысын сайлады

Түрік және қазақ іскерлер Одағы (TÜKİB) жаңа басшысын сайлады

Қазақстанның Алматы қаласында өткен TÜKİB жиналысында одақтың жаңа басшылығы сайланды. Дауысқа салу барысында Джем Джиритчи басшы болып сайланды.

«Түрік-қазақ іскерлер одағы ретінде басымдығымыз осы мекемені жаңа деңгейге көтеру. Осыған байланысты жұмыстарды бастап кеттік. Бүкіл инфрақұрылымызбен дайын болу,  осындағы түрік компанияларының проблемаларын шешу, жергілікті басшылықпен байланыстарды нығайту және сонымен бірге Түркияда инвестиция салуды жоспарлаған қазақ инвесторларға жол көрсету, бір көпір қалыптастыру мақсат етілді» деді ол.

 TÜKİB 2016 жылы түрік және қазақ іскерлерге бас қостыру мақсатымен құрылды.

Қазақстандағы түрік капиталды компаниялардың 90 пайызы осы мекеменің шаңырағы астында бірлеседі.



Ұқсас жаңалықтар