Түрікмен жасағына қолдау керек

Салихи түрікмендерден тұратын Киркук Қорғаныс күшіне қосымша көмек керек екенін білдірді

1259605
Түрікмен жасағына қолдау керек

Ирак Түрікмен майданының төрағасы Ершад Салихи Киркукке бағытталған лаңкестіктер алдында түрікмендерден қалыптасқан қорғаныс жасағының нығайтылуы керектігін айтты.

Салихи террор ұйымы ДАИШ тарапынан алдынғы күні Тавук ауданына ұйымдастырылған шабуылға байланысты барлығы түрікмендерден тұратын Киркук Қорғаныс күшіне қосымша көмек керек екенін білдірді.

Киркук Қорғаныс күшінің Ирак Түрікмен майданының қолдауымен құрылғанын еске салған Салихи Ирак орталық үкіметіне қарасты жасақтардың түрікмен аудан мен ауылдарын қорғауда жеткіліксіз екеніне назар аударды. Салихи түріктермендердің өз жерлерін қорғау үшін көмекке зәру екенін тілге тиек етті.

Салихи Тавук ауданына бұдан бұрын террор ұйымы PKK-ның штаб құрғанын,  артынан ДАИШ-тің нысанасына айналғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар