Түрікменстанда фотосурет көрмесі

Түрікменстанда елдің “тұрақты бейтарап ел” мәртебесін алуының 25 жылдығына орай фотосурет көрмесі мен конференция ұйымдастырылды.

1417875
Түрікменстанда фотосурет көрмесі

Түрікменстанда елдің “тұрақты бейтарап ел” мәртебесін алуының 25 жылдығына орай халықаралық фотосурет көрмесі мен конференция ұйымдастырылды. 

Түрікменстан Мәдениет министрлігі ұйымдастырған көрмеде отандық және шетелдік фотографтардың елдің мәдени және табиғи сұлулықтарын бейнелейтін фотосуреттері орын алды. 

Шара шетелдік фотографтар да қатысқан видео конференция әдісімен ұйымдастырылған жиналыспен жалғасын тапты. 

Түрікменстан 1995 жылдың 12 желтоқсан күні БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған шешіммен “тұрақты бейтарап ел” мәртебесін алды. Түрікменстанда бейтараптық мемлекеттің ең маңызды принциптерінің бірі ретінде қабылданады, сыртқы саясат осы мәртебе негізінде айқындалады. Сондықтан Түрікменстан қауіпсіздік және әскери қасиеттегі одақтарға қосылмайды,  өз жерінде шетелдік әскери база құрылуына немесе жерінің шетелдік әскери күштері тарапынан қолданылуына рұқсат бермейді.



Ұқсас жаңалықтар