Түріксой Ресейде концерт ұйымдастырды

Түріксой Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үш концерт өткізді.

1201799
Түріксой Ресейде концерт ұйымдастырды
turksoy2_Rusya_kazakça

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой Ресейде түрік әлемінің музыкалық қазынасының байлығын көрсететін концерт ұйымдастырды.

«2019 Түркия-Ресей Мәдениет және туризм жылы» шеңберінде Түріксой Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үш концерт өткізді.

Ресей Мемлекеттік өнер қайраткері Дмитрий Хохлов басшылығындағы Андреев атындағы Мемлекеттік Академиялық орыс оркестрі сүйемелдеуінде Санкт-Петербург филармониясы залында,  Мемлекеттік Академиялық капелла залы мен Әскери залда өткен концерттерде өнер сүйер қауым түрік халықтарының бай музыкалық мәдениетін танып, түрік әлемі сазгерлерінің туындыларын тыңдады.

Концертке Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов өзі қатысты.  Концерттік бағдарламада Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан,  Өзбекстанның академиялық музыкасынан туындылар шырқалды.  Узейір Хаджыбейов, Гара Гараев,  Хасан Рзаев,  Ариф Меликов,  Васыф Адыгүзелов,  Атай Огомбаев,  Қалы Молдабасанов,  Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов сынды атақты сазгерлердің шығармалары орындалды.

Ресейлік өнер сүйер қауым түрік халықтарының ерекшеліктерімен қоса шығыс өркениетінің іздерін бейнелейтін «Жеті сұлу», «Махаббат аңызы», «Біржан-Сара», «Көроғлұ», «Абай» сынды туындыларды тыңдады.  Сонымен бірге тар, қомыз,  сырнай,  қурай секілді түрік халық аспаптарының даусын естіді.



Ұқсас жаңалықтар