Түркі әлемі өнерпаздары Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды.

1449857
Түркі әлемі өнерпаздары Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды. Түркі әлемі өнерпаздары Назарбаевты құттықтады.

Халықаралық Түріксой ұйымы басшылығымен дайындалған бір жобада Түркі әлемі өнерпаздары бас қосып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасқа толуына орай құттықтады.

Түркі тілдес елдердің дәстүрлі аспаптары мен Түрік әлемінің этникалық және дәстүрлi музыкаларын әлемге таныту мақсатты 2016 жылы Түріксой Халық аспаптары оркестрі құрылды. Түркітілдес елдердің қабілетті жас өнерпаздарының басын біріктірген оркестр Қазақстанның «Қорқыт» және «Сазген сазы» фольклорлық ансамбльдерімен ынтымақтастық аясында ортақ бір жобаға таңба қалдырды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жасқа толуына орай Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Ресей Федерациясына қарасты Башқұртстан, Татарстан, Саха-Якут және Молдова Гагауызелі автономды аймағынан 50-ден астам әнші мен сазгер бас қосып, Назарбаевке құттықтау жолдады.

Түріксойдың Көркемдік жетекшісі Арман Нұрмахамматұлы басқарған жобада Түркі әлемінің әншілері Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үш Қоңыр» орындалды.

6 шілде күні 80 жасын тойлайтын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 18 маусым күні жаңа тип коронавирусты жұқтырғаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар