Түркия елшілігі түрік азаматтарына мәлімет берді

Қазақстанда 16 наурыз күнінен бастап төтенше жағдай жарияланып,  кіріп-шығуға шектеме қойылған болатын.

1379459
Түркия елшілігі түрік азаматтарына мәлімет берді

Қазақстанда 16 наурыз күнінен бастап төтенше жағдай жарияланып,  кіріп-шығуға шектеме қойылған болатын.

Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігі әлеуметтік желіде хабарлама жариялап,  елде тұратын түрік азаматтарына мәлімет берді.

Хабарламада төтенше жағдай шектемелерінің осы елде тұратын түрік азаматтарының Қазақстан шекарасынан шығып кетуіне тыйым салмайтыны айтылды. Ықтиярхатпен тұратындардың да шектемелерден азат екені атап көрсетілді.

Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты Өкілетті елшіліктегі консулдық қызметтері де жұмыс күндері жергілікті уақытпен сағат 09.00-12.00 арасында жүргізіледі. Жедел жұмыстар үшін Өкілетті елшілік консулдығына келместен бұрын телефон шалып,  уақыт брондау керек.

Тақырыпқа байланысты соңғы жаңалықтарды өкілетті елшіліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оқуға болады.

Гюал Заитова

TRT-нің Нұр-Сұлтандағы өкілдігі



Ұқсас жаңалықтар