Түркия мен Қазақстан сауда мөлшері 10 миллиард долларға көтеріледі

Президенттің орынбасары Фуат Октай Қазақстанмен сауда мөлшерін 10 миллиард долларға көтеруге бел байлағандарын айтты.

1303671
Түркия мен Қазақстан сауда мөлшері 10 миллиард долларға көтеріледі

Президенттің орынбасары Фуат Октай Қазақстанмен сауда мөлшерін 10 миллиард долларға көтеруге бел байлағандарын айтты.

Фуат Октай Стамбұлда ұйымдастырылған Түркия-Қазақстан Бизнес форумындағы сөзінде Орталық Азияның Каспий теңізі арқылы халықаралық базарға жетуі тұрғысынан Қазақстанның стратегиялық орынға ие екенін атап айтты.

Фуат Октай:

"Елдеріміз арасындағы достық және бауырластық байланыстардың экономикалық негіздермен күшейіп, тың өреге көтелетініне кәміл сенемін" деді.

Түркияның әлемдегі 17-ші, Еуропада 6-ші ірі экономикаға ие екеніне меңзеген Октай сөзін одан ары жалғады:

"Түркия экономикасы сауда соғыстары, эквациялар және жаһандық экономикадағы тұрақсыздықтарға қарамай халықаралық ынтымақтастықтарын, инвестицияларын арттыруды және сауда қарым-қатынастарын бекемдеуді жалғастырады."

Октай қысқа уақытта көрсеткен қайта құруы, тұрақтылығы және табыстары арқылы мақтау алған Қазақстанның Евразия аймағының ең мықты елдерінің біріне айналғанын тілге тиек етті.

Октай тарихи Жібек Жолын жандандырған Баку-Тбилиси-Джейхан Мұнай құбыр желісімен Қазақ мұнайының  әлем нарқына жетуінің тамаша табыс екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар