Түркия мен Әзірбайжан арасында хаттамаға қол қойылды

Октай хаттаманың түрік ұлтына және бауырлас Әзірбайжан халқына пайдалы болуын тіледі.

1270407
Түркия мен Әзірбайжан арасында хаттамаға қол қойылды
aliyev-fuat oktay.jpg

Вице-президент Фуат Октай осы жылы Әзірбайжанмен жеңілдетілген сауда туралы келісімге қол қою, өзара сауданы жеңілдету және кедендік рәсімдерді жеделдету мақсатында екі ел арасында жеңілдетілген кедендік желіні құруға келісілгенін айтты.

Вице-президент Октайды Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев  Бакуде қабылдады.

Президенттік сарайдағы кездесу бір сағатқа созылды.

Октай осы жерде сөйлеген сөзінде Әлиевке өзіне және оның делегациясына көрсеткен ықыласы үшін алғыс айтты.

Әзірбайжанда болғанына қуанышты екенін айтқан Октай: «Мен президент Реджеп Тайып Ердоғанның сәлемін ала келдім. Кеше Бакудің азат етілгеніне 101 жыл толды. Біз ғасырлар бойы Баку мен Әзірбайжанның дамуын тілейміз» - деді.

Октай Түркия мен Әзірбайжанның  экономикалық қарым-қатынастарының барлық салада дамығанын, Аралас экономикалық комиссия отырысының  экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылатынын атап өтті.

Кездесуде қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Артынан вице-президент Фуат Октай және Әзірбайжан премьер-министрі Новруз Мамедов басшылығында Түркия мен Әзірбайжан 8- аралас экономикалық комиссия  отырысы өтті.

АЭК жиналысында сөз сөйлеген Октай хаттаманың түрік ұлтына және бауырлас Әзірбайжан халқына пайдалы болуын тіледі.

Әзірбайжанмен келісілген іс-шаралардың ішінде Халал аккредиттеу және халал сертификаттау саласында техникалық ынтымақтастықты бастау, екі елде шикізат пен жартылай фабрикаттарды жеткізу тұрғысынан жоғары әлеуетті өнімдерді анықтау, фирмалар деңгейінде зерттеулер жүргізу арқылы сыртқы сауда көлеміне ықпал ету, екі ел пошта қызметтерінің ынтымақтасуы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді жаңарту және Баку-Тбилиси-Карс теміржолы жобасы аясында шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету жөніндегі іс-шаралар орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар