Түркия - Өзбекстанда ең көп компания құрған елдердің бірі

Түркия былтыр Өзбекстанда ең көп компания құрған елдер арасында орын алды.

1126278
Түркия - Өзбекстанда ең көп компания құрған елдердің бірі

Түркия былтыр Өзбекстанда ең көп компания құрған елдер арасында орын алды.

Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің хабарламасында 2018 жылы елде шетелдік капиталмен құрылған кәсіпорындар жөнінде мәлімет берілді.  Осыған орай 2017 жылы ел көлемінде шетел капиталымен 863 кәсіпорын құрылса,  бұл көрсеткіш өткен жылы 37 пайыз артып,  2 мың 385 болды.

Осылайша 1 қаңтар күні елдегі шетел капиталымен құрылған компаниялардың барлық саны 7 мың 560-қа жетті.

2018 жылдың қорытындысына қарағанда, Өзбекстанда ең көп кәсіпорын құрған елдер арасында 428 компаниямен Ресей бірінші орында келеді. 364 компания құрған Түркия болса екінші орында.

Осы кезеңде Қытай капиталымен 351, Қазақстан капиталымен 246, Оңтүстік Корея капиталымен 161 компания құрылды.

Ауғанстан, Үндістан, Германия,  Украина және Әзірбайжан да Өзбекстанда ең көп компания құрған елдер қатарында.

Шетел капиталымен компаниялар көбіне елдің Ташкент,  Самарқанд және Харезм аймақтарында құрылды.



Ұқсас жаңалықтар