Түркия Өзбекстанның Түрік Кеңесіне қатысуына риза

Түркия Өзбекстанның Түрік Кеңесіне толық мүше болып қатысу шешіміне деген қуанышты сезімін білдірді.

1269819
Түркия Өзбекстанның Түрік Кеңесіне қатысуына риза

Түркия Өзбекстанның Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақастық Кеңесіне (Түрік Кеңесі) толық мүше болып қатысу шешіміне деген қуанышты сезімін білдірді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Өзбекстанның Түрік Кеңесінің  Нахчыван келісіміне қосылу үшін қажетті ішкі мақұлдау процесін аяқтағаны хабарланды.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Бізге байланысты құжаттар мен мәлімдемелер толықтанды. Қатысты бабтарға сай Нахчыван келісімі Өзбекстан үшін 2019 жылы 14 қазанда атқарылады. Дос және бауырлас Өзбекстанның Түрік Кеңесіне толық мүше болып қатысуымен Түркі әлемі ішіндегі ұйымшылдық бекемделеді, халықтарымыздың ортақ байлығы мен тыныштығы үшін жүргізіп отырған ынтымақтастығымыз күшейеді. Өзбекстанның Түрік Кеңесіне толық мүше болып қатысуына ризалығымызды тағы бір мәрте жеткіземіз" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар