Түркия Тәжікстанды құттықтады

Түркия Тәжікстан президенті Имамали Рахманды және Халықтың Демократиялық партиясын құттықтады.

1372317
Түркия Тәжікстанды құттықтады

Түркия Өкілдер мәжілісі сайлауындағы жеңісіне орай Тәжікстан президенті Имамали Рахманды және Халықтың Демократиялық партиясын құттықтады.

ТР Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап: «1 наурыз күні болған Өкілдер мәжілісі сайлауының дос Тәжікстанға қайырлы болуын тілейміз. Сайлауда қол жеткізген табысына орай президент Имамали Рахманды және оның Халықтың Демократиялық партиясын құттықтаймыз» деп білдірді.

Айырықша хабарламада «сайлаудың ел көлемінде тыныш өтуі және қатысушы көрсеткішінің 86,4 болуына деген ризашылық» білдірілді.

Президенттік жүйемен басқарылатын Тәжікстанда парламент Өкілдер мәжілісі және Ұлттық мәжілістен тұрады.

Тәжікстанның парламентінің төменгі қанаты Өкілдер мәжілісінде 63 депутат, 3 айда жиналатын Ұлттық мәжілісте болса 33 мүше мен бұрынғы президенттер міндет атқарады.

1 наурыз күні болған жалпыхалықтық сайлауда Халықтың Демократиялық партиясы дауыстардың 50,4 пайызын жинады.

Ұлттық мәжіліс мүшелері болса 27 наурыз күнгі сайлауда анықталады.



Ұқсас жаңалықтар