Түркия-Татарстан іскер форумы

Форумға РФ. Татарстан Республикасы президенті Рустам Минниханов қатысты.

1202483
Түркия-Татарстан іскер форумы

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Автономиялық Республикасы президенті Рустам Минниханов Ресейде 20 миллион мұсылманның өмір сүргенін және халал азық-түлік өндірісімен байланысты Түркиямен жұмыс істейтіндерін атап көрсетті.

Минниханов Стамбулда Сыртқы экономикалық қатынастар кеңесі ұйымдастырған Түркия-Татарстан іскер форумына қатысып, форум аясында жаңа жобалардың жүзеге асырылуы тақырыбында мықты келісімдер жасалатынына сенгенін білдірді.

Түркия мен Ресей арасындағы сауда көлемін арттыру үшін форумда көзқарас алмасу мүмкіншілігі бар екенін атап айтқан Минниханов Түркия мен Татарстан арасында ынтымақтастық келісімдері бар екенін білдірді.

Минниханов Қазан мен Стамбул арасындағы рейстердің аптасына 6 мәрте ұшуының маңызды екенін түсіндіріп, «Түркия - біздің еліміз үшін ең маңызды ортақтардың бірі. Мақсатымыз - одан көп сауда көлеміне қол жеткізу. Түркиядан елімізге 2 миллиард доллардан астам инвестиция салынды. Іскер әлеміне және Түркия үкіметіне алғысымды білдіремін» деді.

Минниханов туризм, мұнай өңдеу, мұнай-химия, кеме, ұшақ, тікұшақ, табиғи газ тасымалдау, полимер, резеңке, электроника, медициналық аппарат пен егіншілік саласында ортақ жұмыстардың жалғасқанын жеткізді.

Кейін екі ел арасында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар