Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті

Мемлекет басшылары қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

1423396
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті

ТР президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен  телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгіме барысында басшылар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Президент Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын жолдағаны үшін ризашылық білдірді. Екі ел басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін қайталады. 

Сонымен қатар басшылар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.



Ұқсас жаңалықтар