Түркия-Әзербайжан-Қазақстан сыртқы істер министрлері үштік саммиті өтті

Түркия-Әзербайжан-Қазақстан Сыртқы істер министрлері бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

1848657
Түркия-Әзербайжан-Қазақстан сыртқы істер министрлері үштік саммиті өтті

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей-Украина соғысы салдарынан дәнді дақыл тиеген танкерлердің порттардан шыға алмауына байланысты «Тұрақты және қауіпсіз қатынастың қаншалықты маңызды екенін бұл дағдарыста тағы бір рет көрдік» деді.

Министр Чавушоғлу Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бас қала Бакуде өткен Түркия-Әзербайжан-Қазақстан Сыртқы істер және қатынас министрлері жиналысынан кейін ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу үштік форматтағы кездесудің алғаш рет өткізілгенін, кездесу барысында көлік мәселелерімен қатар аймақтық мәселелердің де талқыланғанын атап көрсетті.

Украина-Ресей соғысы себепті туындаған дәнді дақыл саудасы мәселелеріне тоқталған Чавушоғлу «Біріккен Ұлттар Ұйымымен мәселені шешу үшін үлкен күш жұмсаудамыз. Осы дағдарыста тұрақты және қауіпсіз тасымалдау желілерінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрдік. Сондықтан біз ұлттық және аймақтық әлеуетімізді арттыру үшін қомақты инвестиция салдық және салудамыз. Баку-Тбилиси-Карс темір жолы, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыр желісі және «ТАНАП» сияқты жобалар өңіріміздің келбетін өзгертті» деді.

Түркияның Әзербайжан мен Армения арасындағы процесті қолдайтынын атап көрсеткен Мевлүт Чавушоғлу «Әзербайжанның батыс аймақтары мен Нахчыванды байланыстыратын Зенгезур дәлізін қатты қолдаймыз және дәліздің тезірек ашылуын күтеміз» деді.

Екінші жағынан Түркия-Әзербайжан-Қазақстан сыртқы істер және қатынас министрлерінің бірінші отырысында Каспий өткелімен Шығыс-батыс орталық дәлізінің әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды.

Үш ел делегацияларының жиналысының артынан Чавушоғлу, Байрамов және Тілеуберді Баку декларациясына қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар