Түркия-Әзірбайжан 2020 жылғы әскери ынтымақтастық жоспары мақұлданды

Бакуде 5 қарашада басталған 12-ші кезекті Әзірбайжан-Түркия Жоғары дәрежелі Әскери диалог жиналысы аяқталды.

1302379
Түркия-Әзірбайжан 2020 жылғы әскери ынтымақтастық жоспары мақұлданды

Түркия мен Әзірбайжан арасындағы 2020 жылғы әскери ынтымақтастық іс-шаралары жоспары мақұлданды.

Астана Бакуде 5 қарашада басталған 12-ші кезекті Әзірбайжан-Түркия Жоғары дәрежелі Әскери диалог жиналысы аяқталды. 

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Бас Штаб екінші төрағасы генерал-лейтенант Метин Гүрак пен Әзірбайжан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Керим Велиев тең төраға болған жиналыста екі арасындағы әскери қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы және жасалатын іс-шаралар талқыланды. 

Жиналыста Түркия мен Әзірбайжан арасындағы 2020 жылғы әскери ынтымақтастық іс-шаралары жоспары белгіленді және осыған байланысты хаттамаға қол қойылды. Хаттамаға Бас Штаб екінші төрағасы генерал-лейтенант Метин Гүрак пен Әзірбайжан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Керим Велиев қол қойды. 

Келесі кезекті жиналыс келер жылы Түркияда өтеді.



Ұқсас жаңалықтар