Түркия-Әзірбайжан ортақ әскери жаттығуы жалғасуда

Түркия мен Әзірбайжан әуе және құрлық күштерінің Әзірбайжандағы көлемді ортақ әскери жаттығуы жалғасуда.

1466022
Түркия-Әзірбайжан ортақ әскери жаттығуы жалғасуда

Түркия мен Әзірбайжан әуе және құрлық күштерінің Әзірбайжандағы көлемді ортақ әскери жаттығуы жалғасуда.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда әскери жаттығу аясында алаңға шыққан танк пен сауытты көліктер түрліше міндеттер атқарған.

Әскери жаттығуда міндет атқарудың іс-шаралары мен координациясы, соғыс операциялары кезінде қолдау берілуі, қызметкерлер мен қару және әскери жабдықтардың әрекеттері бақылануда.

Әскери жаттығуға екі елдің әрі әуе, әрі құрлық күштері қатысуда.

Әуе күштерінің жаттығуы Баку, Нахичевань, Генже, Курдемир және Евлах қалаларында жалғасуда. Жаттығу 10 тамызда аяқталады.

Құрлық күштерінің жаттығуы да Баку мен Нахичевань қалаларында 5 тамызға дейін жалғасады.   



Ұқсас жаңалықтар