Ұшқыштың денесі табылды

Әзірбайжандық ұшқыш бүгін жерленеді.

1255732
Ұшқыштың денесі табылды

Әзірбайжанда оқу-жаттығу барысында Каспий теңізіне құлаған әскери ұшақтың ұшқышының денесі табылды.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі іздеу нәтижесінде подполковник Решат Атакишиевтің мәйітінің табылғанын білдірді.

Атакишиев бүгін жерленеді.

Ұшақтың қалдықтары және ұшқышты табу жұмыстарына Түркия Республикасы Теңіз Күштері қолбасшылығының 10 адамдық Су асты іздеу тобы да қолдау берген болатын.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі қолдауы үшін Түркияға алғыс білдірді.

Әзірбайжан Әуе күштерінің Миг-29 типті ұшағы 24 шілде күні Каспий теңізіне құлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар