XII  Астана экономикалық форумы басталды

Форумға Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев қатысты.

1202402
XII  Астана экономикалық форумы басталды

XII  Астана экономикалық форумы басталды.

«Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында 2019 жылғы Астана экономикалық форумына Қазақстанның тұңғыш президенті,  елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн, Армения президенті Армен Саркисян, Грузия премьер-министрі Мамука Бахтаздемен бірге 60-тан астам елден бес мыңға жуық делегат қатысуда.

Назарбаев осында жасаған баяндамасында Қазақстанның түрлі тақырыптарда келіссөз үрдістері үшін ықпалды платформа ретінде қызмет еткеніне назар аударып,  бас қала Нұр-Сұлтанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы,  Ислам Ынтымақтастық ұйымы саммиттерін ұйымдастырғанын еске салды.

«Тұтас әлемнің келешегін анықтайтын негізгі жаһандық державалар көшбасшыларының тиімсіз санкциялар режимінен тікелей диалогқа көшуі маңызды. Осы орайда АҚШ, Ресей, Қытай, Еуроодақ өкілдері арасында қалыптасқан геосаяси дағдарыстан шығу жолын талқылайтын уақыт келді», - деді Елбасы.

Форумда Түркиядан Есеп комитетінің төраға орынбасары Зекерия Түйсіз, бұрынғы вице-премьер Мехмет Шимшек және Түркітілдес елдер Ынтымақтастық кеңесінің бас хатшы орынбасары Өмер Кожаман орын алуда.

Форум шеңберінде 55 отырыста 164 баяндамашы пікірін білдіреді.



Ұқсас жаңалықтар