Заңнамалық палатаның басшылығына Нуриддинжан Исмаилов қайта сайланды

Өзбекстанда 150 мүшеден тұратын Заңнамалық палатаның алғашқы жиыны өтті.

1343733
Заңнамалық палатаның басшылығына Нуриддинжан Исмаилов қайта сайланды

Өзбекстан парламентінің төменгі қанаты Заңнамалық палатасының басшылығына Нуриддинжан Исмаилов қайта сайланды.

22 желтоқсан күні сайлау болған Өзбекстанда 150 мүшеден тұратын Заңнамалық палатаның алғашқы жиыны өтті.

Орталық сайлау комитеті төрағасы Мирза-Ұлыкбек Аблуселамовтың басшылығында өткен жиынға президент Шавкат Мирзиеев те қатысты.

Жиында саяси партия басшыларының ортақ шешімімен Халық демократ партиясынан Нуриддинжан Исмаилов қайтадан төрағалыққа сайланды.  Жиында Заңнамалық палата басшысының орынбасарлары да анықталды.

Президент Мирзиеев осында сөйлеген сөзінде Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қиын кездер болғанын еске салып,  сайлаудан кейін жаңа Өзбекстанның жаңа парламентінің құрылғанын білдірді. Депутаттардың негізгі міндетінің халықтың сұраныс пен талаптары шеңберінде жұмыс істеу және халықты риза қылу екенін атап көрсеткен президент парламентке табыс тіледі.

Өзбекстанда болған жалпыхалықтық сайлауда 150 орынды Заңнамалық палатада Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы - 53, Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы - 36, Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы - 24, Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы 22 және Өзбекстанның экологиялық партиясы 15 депутаттық орынға ие болды.



Ұқсас жаңалықтар