Жапаров Мәскеуде қауіпсіздікке тоқталды

Қырғызстан президенті: "Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласу әрекеттері байқалуда" деді.

1827820
Жапаров Мәскеуде қауіпсіздікке тоқталды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қауіпсіздік қатерінің Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының (ҰҚШҰ) жауапкерлік алаңының шекарасына жеткенін тілге тиек етті.

Қырғызстан Президенттік сарайының Баспасөз орталығы президент Садыр Жапаровтың Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының Ресейдің астанасы Мәскеуде ұйымдастырылған лидерлер саммитіндегі сөзін жариялады.

Садыр Жапаров қауіпсіздік қатерінің және әскери-саяси дағдарыстың Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының жауапкерлік алаңының шекарасына жеткенін айтып:

"Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласу әрекеттері байқалуда" деді.

Ресейге санкциялар туғызған дағдарысқа мазасыздығын тілге тиек еткен Жапаров:

"Қырғызстан экономикасы жаңа типті коронавирус індетінен әлі құтыла алған жоқ. Ресейге санкциялар азық-түлік пен энергия қауіпсіздігіне, макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қатер төндіруде" деді.

Садыр Жапаров Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оңтүстік шекарасындағы Ауғанстанның жағдайы да алаң туғызғанын жеткізді.

Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының құрылған күннен бері өз жауапкерліктерін орындап, ұйымдық жақтан дамығанын және күшін бекемдегенін айтқан Жапаров соңғы жылдардағы халықаралық оқиғалар Бресттен (Беларусь) Владивостокқа (Ресейдің Қиыр Шығыс қаласы) дейінгі ортақ және ұжымдық қауіпсіздікті қамдау мақсатымен Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы аясында қабылданған стратегиялық шешімдердің туралығын дәлелдегеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар