Жаттығу жалғасуда

Әзірбайжан мен Түрік Әуе күштерінің ортақ әскери оқу-жаттығуы жалғасуда.

1264566
Жаттығу жалғасуда

Әзірбайжан мен Түрік Әуе күштерінің ортақ әскери оқу-жаттығуы «ТурАз бүркіті 2019» Әзірбайжанда жалғасуда.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда, Әзірбайжан мен Түркия Әуе күштері тарапынан екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары шеңберінде 2 қыркүйек күні басталған жаттығу жалғасуда.

Жаттығуда екі елдің Миг-29, F-16, Су-25 әскери ұшақтары мен CASA жүк ұшағы, Миг-35,  Ми-17 секілді тікұшақтарынан тұратын шамамен 30 әуе көлігі орын алуда.

Оқу-жаттығуға Пәкістан Әуе күштері өкілдері бақылаушы ретінде қатысуда. Жаттығу 16 қыркүйек күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар