Әзербайжан Арменияның "Смерч" зымыран кешенін жойды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі бейнекөрініс жариялап,  «Смерч» зымыран кешенінің қалай жойылғанын көрсетті.

1518512
Әзербайжан Арменияның  "Смерч" зымыран кешенін жойды

Әзербайжан армиясы Бердеде бейбіт тұрғындарды нысанаға алған Арменияның «Смерч» зымыран кешенін жойды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі бейнекөрініс жариялап,  «Смерч» зымыран кешенінің қалай жойылғанын көрсетті. Министрлік зымыран кешені жойылған уақыттың кеше жергілікті сағат 15.18 екенін хабарлады.

Армения армиясы майдан шебінен 60 км қашықтықтағы Берде қаласына «Смерч» зымыранымен шабуыл жасап, 25 бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. Шабуылда 70-тен астам адам жарақат алды.

Әзербайжан армиясы бітім жарияланғанына қарамастан майданның түрлі бағыттарында түні бойы Әзербайжан әскерлеріне және елді мекендерге оқ атқан Армения жасақтарын шығынға ұшыратуын жалғастыруда.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың көбіне майданның Агдере, Хожавенд және Губадлы бағыттарында жалғасқанын білдірді.

Армения армиясының шабуылдарының тойтарылғаны және кеше күні бойы және түні бойы армяндардың екі дана Su-25 ұшағы, үш дана  T-72 танкы, бір сауытты әскер көлігі, екі дана «Смерч» және бір дана «Град» зымыран кешені,  он түрлі зеңбірек, екі «Гвоздика» гаубицасы, бір дана радар жихазы және төрт автокөлік жойылғаны хабарланды. Көптеген әскери қызметкер залалсыздандырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар