Әзербайжан әскерлерінің кегі қайтарылды

Әлиев Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі.

1454194
Әзербайжан әскерлерінің кегі қайтарылды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан армиясының ауыр соққы беріп, кеше Әзербайжан-Армения шекарасындағы қақтығыста шейіт болған әскерлердің кегін алғанын айтты.

Әлиев кеше Әзербайжан-Армения шекарасындағы қақтығыстарға байланысты Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі.

Әлиев Армения армиясының кеше түсте шекарадағы Әзербайжан бекіністеріне оқ атқанын айтты, ол шейіт әскерлерге Алладан шапағат тіледі.

Әзербайжан армиясының Арменияның провакациясына кедергі болғанын және қажетті жауапты бергенін білдірген президент «Арменияның барлық ісі банкрот болды,  Әзербайжан өз шекарасын қорғады және армян әскерлері Әзербайжан шекарасына бір см де өте алмады» деді.

Әлиев шекарадағы жағдайдың әлі қиын екеніне назар аударып,  жауапкершіліктің Армения әкімшілігінде екенін атап көрсетті. Армениядағы жағдайдың дағдарысқа айналғанын,  сонымен бірге Әзербайжанның халықаралық аренада беделі артқанын, бұның Ереван билігін уайымға салғанын білдірген президент Әзербайжанға сол себептен шабуылдағанын айтты.

«Дұшпанға кеше және түнде қажетті жауапты қайтардық. Әскерлеріміздің кегін алдық және бұдан кейін де алынады.  Шейіттеріміздің қаны жерде қалмады және қалмайды. Барлық мүмкіндіктерімізден өзімізді қорғаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар