Әзербайжанда әскери жаттығу басталды

Әскери оқу-жаттығу 22 мамыр күніне дейін жалғасады.

1419505
Әзербайжанда әскери жаттығу басталды

Әзербайжан армиясы он мың әскер қатысқан ауқымды жаттығу бастады. 

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында президент Ильхам Әлиев бекіткен жоспарға орай Қорғаныс министрі Закир Хасанов басшылығында ұйымдастырылған әскери жаттығуға армияның түрі жасақтарының қатысқаны хабарланды. 

Түрлі аймақтарда он мың әскердің қатысуымен басталған жаттығуда жау нысандарына операция ұйымдастырылады және түрлі жасақтар арасындағы үйлесімділіктің деңгейі анықталады. 

Әрі күндіз,  әрі түнде жалғасатын жаттығуға шамамен 120 танк және сауытты көлік, 200 зымыран мен зеңбірек жүйесі,  30 ұшақ пен тікұшақ қатысуда. 

Әскери оқу-жаттығу 22 мамыр күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар