Әзербайжандық Түркия түлектері ауызашарда бас қосты

Бакудегі ауызашарға Түркия елшісі де қатысты.

2125518
Әзербайжандық Түркия түлектері  ауызашарда бас қосты
Azerbaycan_mezun_iftar_KZ_kazakça

Әзербайжандық Түркия түлектері Бакуде ұйымдастырылған ауызашар бағдарламасында бас қосты.

Түркияның Әзербайжандағы елшісі Джахит Багжы, Бакудегі түрік мекемелері мен ұйымдарының өкілдері, шәйіттердің отбасылары мен Түркия университеттері түлектері Түрік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен іскерлері платформасы ұйымдастырған бағдарламаға қатысты.

Елші Багжы шарада сөйлеген сөзінде Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың әлемге үлгі болатындай деңгейге жеткенін айтты.

Багжы жаңа оқу жылында ашылуы жоспарланған Әзербайжан-Түркия университетіне сілтеме жасап, «Бұл маңызды қадам. Түркия бұл қадаммен әсіресе инженерлік және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесі мен білімін ортаға салады. Әзербайжанның адам ресурстарына ғана емес, сонымен қатар түрік әлемінің адам ресурстарына да қызмет ететін университет болады» деді.

Түркия түлектері ғалымдар мен бизнесмендер платформасы атынан сөз сөйлеген Тельман Нусретоглу Түркияның тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Әзербайжан жастарына берген білім алу мүмкіндіктеріне тоқталып, сол кезде білім алған жастардың бүгінде елде маңызды қызметтер атқарып отырғанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар