Әзірбайжан Наурыз мерекесін тойлап бастады

Наурыз мерекелік іс-шаралары президент Ильхам Әлиевтің Наурыз алауын тұтатуымен басталды.

1166649
Әзірбайжан Наурыз мерекесін тойлап бастады

Әзірбайжанда Түркі әлемінің ең маңызды мерекелерінің бірі, көктемнің сүйіншісі Наурыз мерекелік іс-шаралары президент Ильхам Әлиевтің Наурыз алауын тұтатуымен басталды.

Бас қала Бакудің белгілі алаңы Февварелер алаңында басталған мереке іс-шараларына президент Ильхам Әлиев, жұбайы Михрибан Әлиева және мемлекеттік лауазымдылар қатысты.

Осында азаматтармен әңгімелескен және мерекелерін құттықтаған Әлиев Наурыз мерекесіне орай арнайы құрылған алаңды аралады.

Музыкалық топтардың концерттік бағдарламаларын тамашалаған Әлиев пен мемлекеттік лауазымдылар Ичеришехирдеі ашылған қол өнерлері, дәстүрлі бұйымдар мен ұлттық тағамдар қойылған көрмелерді аралады.

Әлиев ұлттық музыка мен билердің артынан Наурыз алауын тұтатты.



Ұқсас жаңалықтар