Әзірбайжан вирусты Түркияның жәрдемімен анықтады

Октай Ширалиев коронавируста алғашқы диагноз қоюды Түркияның жәрдемімен жасағандарын айтты.

1384359
Әзірбайжан вирусты Түркияның жәрдемімен анықтады

Әзірбайжан Денсаулық сақтау министрі Октай Ширалиев жаңа типті коронавируста (Сovid-19) алғашқы диагноз қоюды Түркияның жәрдемімен жасағандарын айтты.

Октай Ширалиев мемлекеттік телеарнада жасаған мәлімдемесінде алдын ала жасалған шаралар арқылы елде коронавирустың артуы тосылғанын атап өтті. 

Алғашқы күндерде коронавирустың жаңа түрін анықтау үшін көптеген елде диагноз қою жабдығы болмағанын ескерткен Октай Ширалиев:

"Бауырлас ел Түркияның жәрдемімен диагноз қою тесттері Бакуге әкелінді. Алғашқы науқастар осы тесттер арқылы анықталды" деді.

Әзірбайжанда коронавирус алғаш рет 28 ақпанда тіркелді. Вирус елге Ираннан келген бір орыс азаматында байқалды. 

Қазірге дейін 89 кісі вирусты жұқтырған Әзірбайжанда бір науқас қайтыс болды, 10 науқас сауықты. Үшеуі 18 жастан төмен, 76 кісі емделіп жатыр.    



Ұқсас жаңалықтар