Әзірбайжанда 20 январь қырғыны шәйіттері еске алынды

Әзірбайжанның Баку қаласында «Қанды январь» деп аталған 20 январь қырғынының құрбандары еске алынуда.

1343980
Әзірбайжанда 20 январь қырғыны шәйіттері еске алынды

Әзірбайжанда тәуелсіздіктің символына айналған және тарихта «Қанды январь» деп аталған 20 январь қырғынының құрбандары еске алынуда.

Әзірбайжандықтар 1990 жылы жасалған қырғында қаза тапқандары еске алу үшін Баку Шәйіттер аллеясына жиналды.

Баку мен басқа аймақтардан келушілер ескерткіштер алдында ұзын кезекке тұрды. Мазарларға қалампыр қойған азаматтар шәйіттерге дұға оқыды.

Шәйіттер аллеясындағы рәсімдерге президент Ильхам Әлиев және мемлекеттік лауазымдылар қатысты.

Әзірбайжан ұлттық әнұраны орындалған рәсімде Әлиев Мәңгі алау ескерткішіне гүл шоғы қойды.

Сондай-ақ жергілікті уақытыпен сағат 12:00-де бүкіл шәйіттер 1 минут үнсіз  еске алынды. Бұл сәтте Каспий теңізі жағалауындағы кемелер, метро пойыздары, автобустар да сигнал берді.

90 жылдың бастарында армяндардың артып отырған жер талаптарына және Кеңес әкімшілігіне наразылықтарын көрсеткісі келген мыңдаған әзірбайжандық Азаттық алаңына үйілді және ұзақ уақытқа созылған митингтер жасады.

Митингтерді тарқату мақсатты 20 қаңтар күні Бакудің әртүрлі аймақтарына басып кірген Кеңес армиясы араларында әйел мен балалар да бар 150-ге таяу адамды қырды, жүздеген адам жарақат алды.

Шәйіттер жүз мыңдаған адамның қатысуымен қызыл қалампырлар арасында бүгінгі Шәйіттер аллеясына жерленді.

Әзірбайжандықтар 29 жылдан бері жыл сайын 20 қаңтар күні қырылған шәйіттерді еске алынуда.



Ұқсас жаңалықтар