АҚШ Иранға жаңа санкция жариялайды

Иранға жүргізілетін жаңа санкциялар 48 сағат ішінде хабарланады.

1272388
АҚШ Иранға жаңа санкция жариялайды

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Иранға жүргізілетін жаңа санкцияларды 48 сағат ішінде жариялайтындарын хабарлады.

Трамп Лос-Анджелес әуежайында Ұлттық Қауіпсіздік жаңа кеңесшісі Роберт Обрайнмен бірге журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Иранға бағытталған санкциялардың арттырылуы тақырыбына тоқталған Трамп: «Иранға кейбір маңызды санкциялар жүргіземіз. Бұларды 48 сағат ішінде хабарлаймыз» деді.

Осы хабарландыру арасында Иранға әскери операция болып болмайтыны туралы сұраққа болса АҚШ президенті: «Не болатынын көреміз» деп жауап берді.

«Егер бір нәрсе жасауымыз керек болса,  бұны еш тайсалмастан жасаймыз» деді ол.

Ол «Иранға әскери операция – соңғы әдіс.  Бірақ үстелде басқа да әдістер бар» деді.

Иран президенті Хасан Рухани және делегациясының БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына әлі виза алмағаны жөнінде Трамп Иран делегациясының осы жиналысқа келуіне қолдау беретіндерін айтты.  «Егер маған байланысты нәрсе болғанда,  мен олардың келуіне рұқсат берер едім» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар